Жарияланды: 70

Доллар арзандай бастады

Доллар арзандай бастады

Сарапшы мамандар алдағы екі айда доллардың айтарлықтай қымбаттайтынын айтты.

Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясында бір доллардың бағасы 377,72 теңгені құрады.

Бір доллардың ең төмен бағасы 377,15, ал ең жоғары бағасы 378,40 теңгені құрап отыр. Жабылу курсы 377,50 теңгеге жетіп тоқтады. 30 миллион 200 мың доллар сатылды. Валюта келісімдері бойынша 72 операция тіркелді.

Астана қаласының ақша айырбастау пунктерінде доллар 381 теңгеден, ал Алматы қаласында 382 теңгеден сатылып жатыр. Ұлттық банк мәліметі бойныша, ресми курс 380,93 теңгені құрайды.

Сарапшы мамандардың пікірінше, алдағы екі айда бір доллардың құны 400 теңге болуы мүмкін.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть