Доллардың биржалық бағасы 80 рубльден асты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доллардың биржалық бағасы 80 рубльден асты

Доллардың биржалық бағасы 80 рубльден асты

Мәскеу биржасында рубльдің түсуі жеделдей түсті. Доллар бағамы жыл ішінде  алғаш рет  80,017 рубльға жетіп, 80 рубльге артты. Бұл өткен сауда-саттықты жапқан деңгейден 1,456 рубльге жоғары, деп хабарлады РБК.

  • 20 Қаңтар 2016
  • 364
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын 80 рубльден жоғары доллар бағамы 1998 жылғы деномниациялау уақытынан бері 80,1 рубль көрсеткіші тіркелген 2014 жылғы 16 желтоқсанда көтерілген.

Рубльдің құнсыздануы мұнайға әлемдік бағаның түсуінен орын алуда. ICE биржасында бүгінгі сауда-саттық барысында 2016 жылғы наурыздағы жеткізумен Brent маркалы мұнайға фьючерс құны 27,29 долларға дейін түсті.

Өткенде Халықаралық энергетикалық агенттік сарапшылары жұмсақ қыс салдарынан 2016 жылы мұнайға сұраныс күтілгеннен төмен деңгейде  артатыны хабарланған, сонымен бірге оның өндірілуі арта береді. Бұл мұнай нарығындағы сұраныс пен ұсыныс деңгейін теңгерімдеуге мүмкіндік бермейді.

12:15-те (мск)   ICE  биржасында Brent  наурыздық фьючерстер құны   барреліне $27,84 құрады,    ал Мәскеулік биржада доллар құны — 79,97 рубль, еуро бағамы  — 87,55 руб.



  2016 жылғы 20 қаңтардан бастап доллардың ресми бағамы РФ  ОБ   78,4862 руб. деңгейінде,   еуроның ресми бағамы  — 85,2988 рубль деп белгіленді.

  «Бигмак индексіне» сәйкес ресей рубль бағамы  шамамен  70%-ға төмендеді.   The Economist сарапшыларының есебінше, доллар үшін қазір тек   23,12 рубль беруі тиіс.