Доллардың қазіргі бағамы – 444-450 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доллардың қазіргі бағамы – 444-450 теңге

Доллардың қазіргі бағамы – 444-450 теңге

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 444-450 теңгеден саудаланып жатыр.

  • 18 Мамыр 2023
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444,8-448,8 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар бағамы 447-450,5 теңге аралығында құбылып тұр.

17 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,53 теңгеге қымбаттап, 449,77 теңге болған.

Ұлттық банктің 18 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 449,69 теңге.


Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,57 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,45-5,7 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал, Астанада көрші ел валютасы 5,53-5,63 теңгеден сатылымда.