Жарияланды: 530

Доминикан Республикасымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

7 маусымда Қазақстанның Делидегі Елшілігінде Қазақстан Республикасы мен Доминикан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату жөніндегі Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды,

деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі. Меморандумға қол қою рәсіміне қазақстандық тараптан Қазақстан елшісі Дулат Қуанышев мырза мен Доминикан елшісі Ханс Данненберг қатысты. Доминикан Республикасы - Гаити аралының (Кариб теңізінде) шығыс бөлігіндегі кіші аралдарда орналасқан шағын ел. Мемлекет Үлкен Антил аралдары архипелагына кіреді. Елдің негізгі қаржы кірістерін туризм, сондай-ақ қант, кофе және темекі өнімдерінің экспорты береді. Доминикан Туризм министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын бірнеше жүз қазақстандықтар осы елге сапарлап қайтады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін