Дональд Трамп Мексиканың бұрынғы президентінен кешірім сұрауды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дональд Трамп Мексиканың бұрынғы президентінен кешірім сұрауды талап етті

Дональд Трамп Мексиканың бұрынғы президентінен кешірім сұрауды талап етті

  • 26 Ақпан 2016
  • 389
Фото - Caravan.kz

Миллардер АҚШ басшысы болып сайланған жағдайда, Мексикамен шекараға қабырға орнатады дегені сөзі үшін экс-президент дөрекі жауап қайырған болатын.

«Мексиканың бұрынғы президенті Висенте Фокс қабырғаны талқылағанда, «Ф» әрпінен басталатын дөрекі сөзді қолданды. Ол кешірім сұрауы тиіс! Егер мен бұлай жасасам, бәрі қарсылық білдірген болар еді! — деп жазды АҚШ президенттігіне үміткер өзінің Twitter парақшасына. 

«Мен бұл … қабырғаға ақы төлей алмаймын», — деп мәлімдеді жергілікті БАҚ-та Мексиканың бұрынғы президенті, былапыт сөзді қолдана отырып.

Бұдан басқа, ол Трампты «есалаң» және «менмен» саясаткер деп сипаттады, деп хабарлады РИА Новости.

Трамп егер президент болып сайланса, заңсыз мигранттарға тосқауыл қою үшін Мексикамен шекараға қабырға орнататынын бірнеше рет мәлімдеген. Бұл ретте миллиардер қабырға құрылысының шығынын Мексикаға төлетуге мәжбүрлей алатынына сенімді.