«Біз Порошенконың соғыс қимылдарын тоқтату туралы не айтқанын білмейміз. Оның әскерді елден әкетуі екіталай, оған күмәніміз бар. Түнде Славянскіде «Град» қаруынан оқ жауды, қазір Краматорскіде атыс болып жатыр», — деді ДХР бірінші вице-премьері Андрей Пургин.
Оның айтуынша, Донецкіде еріктілерді мобилизациялау жалғасып жатыр.