Дүкендерге ұрлыққа түскен шетелдіктер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүкендерге ұрлыққа түскен шетелдіктер ұсталды

Дүкендерге ұрлыққа түскен шетелдіктер ұсталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Baq.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл қылмыстық топқа төрт ер адам кіреді, олардың екеуі – шетелдіктер. Қаланың крим?

  • 21 Сәуiр 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл қылмыстық топқа төрт ер адам кіреді, олардың екеуі – шетелдіктер. Қаланың криминалдық полициясының мәліметінше, қаскөйлер тек азық-түлік дүкендеріндегі ұрлықпен айналысқан.

Олар, түн жамылғанда әрекет етті. Күдіктілер шағын дүкендерге кіріп, өздерімен бірге тұтынушылық тауарларды алып кеткен. Кейбір жағдайларда дабылды өшіру үшін олар жарықты алдын-ала сөндірген. Күдіктілер қамауға алынды. Бүгінгі таңда олардың осыған ұқсас үш қылмыстық эпизодқа қатысы бар екендігі дәлелденді. Ұсталғандардың үшеуі – Грузия мен Әзірбайжан азаматтары екендігі анықталды, тағы біреуі – біздің жерлесіміз. Жедел-іздестіру шараларының кешені жалғасуда. Біз бұл азаматтардың тағы қанша қылмыс жасағанын нақты анықтайтын боламыз, – деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.



Күдіктілер қамауға алынды.