Дүниежүзi бойынша әрбiр 5-шi әйел - бедеу - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзi бойынша әрбiр 5-шi әйел - бедеу

Дүниежүзi бойынша әрбiр 5-шi әйел - бедеу

 Дүниежүзi бойынша әрбiр 5-6-шы әйел бедеулiк мәселесiне тап болады.

  • 10 Қыркүйек 2015
  • 733
Фото - Caravan.kz

Олардың арасында бiр перзентке зар болып жүрген отбасылармен қатар, 2-3 баласы бар, бiрақ, келесi баласын көтере алмай жүрген аналар да бар.

 Бұл туралы бүгiн ОКҚ брифингiнде ҚР Президентi жанындағы Әйелдер iсi және отбасы-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның мүшесi, Адам ұрпағын өрбiту орталығының директоры Салтанат Байқошқарова айтып бердi.

"Бедеулiк мәселесi әрине, дүниежүзi бойынша да, бiздiң елiмiзде де өзекті мәселе. Оның үстiне, жылдан жылға азайып та жатқан жоқ. Оның себептерi, өйткенi оған барлық факторлар — психоологиялық факторлар да, экологиялық факторлар да себеп. Және де қазiр мен айтып жүрген әлеуметтiк бедеулiк мәселесiн де ұмыт қалдырмауымыз керек. Яғни, ана болу, әке атану бақытын кейiнге шегерiп қоятын отбасылар бар",-дейдi С.Байқошқарова.

Бiлiктi маманның айтуынша, бала сүю үшiн оның орталығына келетiн әйелдердiң 70 пайызынан астамы кезiнде түсік жасатқан әйелдер болып шығады екен.

"Дүниежүзiлiк статистикаға сүйенсек, әрбiр бесiншi-алтыншы отбасы бедеулiк мәселесiне тап болады. Бiрақ, олардың арасында бiр перзентке зар болып жүрген отбасылармен қатар, 2-3 баласы бар, бiрақ, келесi баласын көтере алмай жүрген аналар бар. Бедеулiкпен күресу тек дәрiгерлердiң бас ауыртатын мәселесi емес.


Тағы айта кетерлiгi, бiзде бедеу әйелдердiң 50 пайызы денсаулығына немқұрайлы қараған әйелдер және бiзге емделуге келетiн әйелдердiң 70-80 пайызы кезiнде жасанды түсiк жасатқан келiншектер. Сондықтан, қыздарымыздың құлағына алтын сырға, жастайларыңыздан болашақта ұлағатты ана болсам деп армандаңыздар. Сонда ғана бедеулiк мәселе азаяр",-деген үмiтiн жеткiздi дәрiгер.