Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,52-0,62 процентке арзандады
18-тамыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,62 процентке , NYMEX шикізат биржасында 0,52 процентке арзандады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында. |
Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қыркүйектегі фьючерсінің бағамы әр барреліне 28,65 долларға дейін кеміді.
Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қыркүйектегі фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,52 проценке арзандап 30 доллар 89 центті құрады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін