Жарияланды: 430

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,81-1,26 процентке қымбаттады

20-тамыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,26 процентке , NYMEX шикізат биржасында 0,81 процентке қымбаттады ,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қыркүйектегі фьючерсінің бағамы 1,26 процентке қымбаттап, әр барреліне 28,86 долларға дейін көтерілді. Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қыркүйектегі фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,81 процентке қымбаттап 30 доллар 95 центке жетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін