Душанбеде өтетін таза су форумы туралы ақпаратты дүниежүзілік БАҚ-тардың 248 өкілі таратқалы отыр
29-тамызда Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында таза су проблемасына арналған халықаралық форум басталады. Форум жұмысын дүниежүзінің бүкіл дерлік елінен келген 248 БАҚ өкілі жалпақ жұртқа жария етеді деп күтілуде. |
Тәжікстан Республикасы СІМ-нің ақпарат департаментінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, журналистердің барлығы СІМ-де аккредитацияланды. Қазіргі жағдаймен форумға қатысу үшін Тәжікстандық БАҚ-тардан 120 өкіл, Ресейден -18, АҚШ-тан -12, ТМД және Орталық Азия аймағы елдерінен -13, Ұлыбританиядан -13, Ираннан-9, Жапониядан - 8, Франциядан - 3 журналист тіркеуден өтті. Форум шараларын жариялы болдыруға барлығы 52 БАҚ атсалысқалы отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін