Джордж Крол Астанада емін-еркін серуендеп, Қазақстанның әр аймағында болғысы келетінін жасырмады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Джордж Крол Астанада емін-еркін серуендеп, Қазақстанның әр аймағында болғысы келетінін жасырмады

Джордж Крол Астанада емін-еркін серуендеп, Қазақстанның әр аймағында болғысы келетінін жасырмады

Қазақстанға жуық арада тағайындалған АҚШ елшісі Джордж Крол Астанада инкогнито серуендеп, республиканың әр түрлі аймақтарында болғысы келеді.

  • 19 Наурыз 2015
  • 304
Фото - Caravan.kz


"Мен жаяу жүргенді ұнатамын, әзірге менің АҚШ елшісі екенімді онша біле бермейді, сол себепті анда-мында барып, базар аралап, адамдармен араласқым келеді. Адамдар қалай өмір сүріп жатыр, қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді, соны бақылау маған қызық. Мен мұнда қонақ  қана емеспін, мен осы қаланың, осы елдің тұрғынымын”, деді Д.Крол бейсенбіде Астанада бірқатар агенттіктерге берген сұхбатында.
Сонымен қатар елші Қазақстанның басқа да қалаларында болмақ.
"Елді белсенді түрде аралап, Астана мен Алматы ғана емес, Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен батысында болғым келеді”, деді ол.
Астана туралы елші мұндағы ауа  райының онша ұнамайтындығын айтты.
Сонымен қатар дипломат ұлттық сусындар — қымыз бен шұбатты ұнатып қалған. 
"Мен қышқыл сүт өнімдерін жақсы көретінмін, қымыз бен шұбат маған тіпті тамаша болды”, деді Д.Крол.