"Единая Россияда" РФ президенттігіне үміткерлер мәселесі бойынша күрес жүруде - сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Единая Россияда"  РФ президенттігіне үміткерлер мәселесі бойынша  күрес жүруде - сарапшы

"Единая Россияда" РФ президенттігіне үміткерлер мәселесі бойынша күрес жүруде - сарапшы

Москва. 13 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Единая Россияда" РФ президенттігіне үміткердің кандидаттарын ұсыну мәселесі бойынша, партияның ішінде күрес жүруде. Мұн.дай пікірді Мәскеулік жаһандану мәселесі жөніндегі институтының директоры Михаил Делягин білдірід, деп хабарлайды агентттік тілшісі..

  • 13 Желтоқсан 2007
  • 694
Фото - Caravan.kz

Оның сөздері бойынша, қазіргі таңда «Единая Россия» партиясында басқа үміткерлер талқыланып жатыр ( Д. Медведевтен басқалары). «Бірнеше топ бар болғандықтан, олардың өз мүдделері мен үміткерлері бар».

«Единая Россия» басқа үміткерді ұсынуы әбден мүмкін. Қазір бұл орынға күрес жүруде «, — деді Делягин.

«Егер жағдай алты айдан артық жалғасатын болса, онда ол келістілікке апармайды . Бір жағынан Медведев ресми түрде президентікке үміткер ретінде ұсынылмады. Оның кандидатурасын ұсынған төрт партиясы арызының заңдылық күші жоқ», — деп атап өтті ресей сарапшысы.

Естеріңізде болса, бірінші вице-премьер Дмитрий Медведев РФ президенттігіне үміткер ретінде сайлауға қатысуға өзінің келісімін берген болатын. Алайда, бүгінгі мемлекет басшысы алдында бір шарт қойды. Сайлаудан кейін, Владимир Путин мемлекет үкіметін басқаруы керек. Мәскеу жаһандану мәселелері жөніндегі институтының директоры Михаила Делягиннің пікірінше, Медведевтың, Ресей президентіне премьер-министр қызметінің тізгінін қолыға алу туралы ұсынысына таң қалудың қажеті жоқ». Алайда, президент қызметі мен үкімет басшысы арасында кернеулік туғызатын, институционалдық қарама-қайшылықтар бар», — деді Михаил Делягин агенттікке. Оның пікірінше, бұл жеке адамнан бұрын, қызмет міндетінен туындап отыр.

Сарапшының пікірінше, президенттік сайлаудан кейін, президент Медведев — премьер Путин құрамы сақталады, бұл президенттік билікті осалдатып, шайқалтады. Кейін, Медведев бір себептермен отставкіге кетеді, ал премьер-Путин президенттік қызметін уақытша атқарушысы болып тағайындалады. Содан кейін, тағы да жаңа сайлау өтіп, Конституция заңдары сақтала отырып, Путин қайта президент болып сайланады. Бірақ, бұл қашан болатыны белгісіз», — деп атап өтті М. Делягин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті