«Біздің елде болып жатқан жағдайларға өз жауапкершіліктеріңізді сезінесіздер ме?» деген сауал тек маған емес, барша үкімет мүшелеріне қойылды деп ойлаймын. Қазақстан әлемнің бір бөлшегі атанғанына 25 жыл болды. Экономикада орын алып жатқан үдерістер бізде ғана емес, барша әлем елдерінде де болып жатыр. Дамыған елдерде дамудың төмендеуі байқалғанда, Қазақстан өткен жылғы көрсеткіштер бойынша өсім көрсетті. Ол алдыңғы жылдармен салыстырғанда аз, 2014 жылы 4,3 пайыз өсім болса, былтыр 1,2 пайыз өсім байқалды. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің қолға алып жатқан дағдарысқа қарсы шаралары мен барлық салаларда болған нәтижелер біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды білдіреді», — деді министр.
Оның айтуынша, мемлекетте қолға алынған негізгі жобалар биыл одан да үлкен қарқынмен жүзеге асырылатын болады.
«Дағдарысқа қарсы жоспарда көрсетілген мәселелердің барлығын тармақ-тармақ бойынша орындайтын боламыз. Біз мұнай бағасының құлдырауына қатысты түзетулерді айтып отырмыз. Даму сценарийлері бар, біз қазір жоспардың барлығын жаңартып жатырмыз», — деп атап өтті Е.Досаев.