Келіссөздердің өткізілуіне 2012-2014 жылдар ішінде сарапшылар деңгейінде өткен бірқатар бейресми жұмыс кездесулер себеп болды.
Келіссөздердің бірінші раундында Одақ делегациясының құрамына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мүдделі мемлекеттік билік органдарының өкілдері кірді. Қытай Халық Республикасының атынан келіссөздерге ҚХР Бас кедендік басқармасы мен ҚХР-ның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің өкілдері қатысқан.
«ЕАЭО тарапынан ақпараттық өзара әрекеттестік Одаққа мүше барлық мемлекеттердің мүддесіне қарай іске асырылады. Келіссөздердің нәтижесінде тараптар ҚХР мен ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер арасында кедендік ынтымақтастықты кеңейту, кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру және тауарлар мен көлік құралдарының кедендік мағлұмдалуын қамтамасыз ету арқылы сауданы жеңілдету және дамытуға көмектесетін өзара тиімді Келісімді орната алады», — деп атап өтті ЕАЭО делегациясын басқарған ЕЭК Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры Владимир Скиба.
Тараптар келіссөздердің келесі кезеңдерін өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін қарастырып, Келісім жобасы мәтінінің соңына дейін аяқталуына жауапты Комиссияны анықтады.
Келіссөздердің екінші кезеңін 2015 жылдың мамыр айында ҚХР-да өткізу жоспарланып отыр.