Осы аптада, яғни 18 наурызда Ресейде кезекті президент сайлау өтеді. Бұл жолы жоғары билікке 8 адам үміткер болып отыр. Олар Владимир Путин, Павел Грудинин, Ксения Собчак, Владимир Жириновский, Сергей Бабурин, Максим Сурайкин, Борис Титов, Григорий Явлинский.
Көпшілігімізге сайлау нәтижесінің қалай болатыны қазірдің өзінде белгілі. Бұған қоса сауалнама нәтижесі бойынша Путиннің электронды рейтингі 69 пайыз. Грудинин 7 пайыз. Жириновский 5 пайыз. Явлинский 1 пайыз. Бабурин 1 пайыз және одан төмен.
Caravan.kz медиа-порталы егер сайлауда Владимир Путин емес, басқа үмкіткер жеңіске жетсе Ресейдің Қазақстанға қатысты сыртқы саясаты қалай өзгеретіні жайлы аздап қиялдап көрді. Оған бізге белгілі саясаттанушы Досым Сатпаев жәрдем берді.
Владимир ЖИРИНОВСКИЙ
— Егер Жириновский жеңіске жетсе, онда ол Дональд ТРАМПТЫҢ ресейлік көшірмесі болып шығады. Болжап болмайтын популист. Дегенмен, Жириновскийдің Трамптан өзгешелігі, ол ешқашан бизнеспен шұғылданбаған. Әрине, Трамп керемет экономист болмаса да бұл саланы кәсіпкер ретінде жақсы түсінеді. Тар шеңберде болса да өзіндік көзқарасы бар. Бірақ, Жириновский өзінің саяси әрекеттері мен атышулы мәлімдемелері және шешімдері арқылы Трампты жолда қалдырып кетеді. Бұл тұрғыда ресейлік үміткер барлық көрші елдер үшін ең үлкен бас ауруына айналар еді. Сондықтан Жириновский президенттікке ең нашар үміткерлердің бірі.
Павел ГРУДИНИН
— Көпшілікке беймәлім адам. Одан барлығы ерекше тосын сый күтеді. Егер ол жеңіске жетсе, онда Грудинин басты ойыншы болмау мүмкін. Тек өзге ықпалды ойыншылардың айтқанын орындаушы болып қалуы ықтимал. Егер Грудининің сайлау алды бағдарламасында сыртқы саясатқа қатысты ештеңе айтылмағанын ескерсек, онда бұл адамның осы саланың мүлдем маманы емес екенін көруге болады немесе ол ішкі мәселелерді басты бағыт деп пайымдайды.
Ксения СОБЧАК
— Ксения Собчак мен үшін ең қызық тұлға. Ол үлкен потенциалы бар үміткер. Собчак үшін бұл үлкен саяси мектеп. Оның тың әрі ерекше идеиялары бар. Әрине Жириновскимен салыстырғанда оның саяси тәжірибесі өте аз. Бірақ бұл жерде оның айналасындағы команда маңызды роль ойнайды.
Сан жылдар бойы Путиннің белгілі бір командасы қалыптасты. Сондықтан Собчак үшін басты кемшілік команданың жоқтығы. Президентікке үмітер ретінде Собчак ең оңды нұсқа. Бірақ әзірге оның қасынан күшті кәсіби орта көрмей тұрмын. Сол себепті бұл оның ең әлсіз тұсы.
Сергей БАБУРИН
— Бабурин Ресейдің саяси өміріндегі ардагер тұлға. Мемлекеттік билікте қызмет еткен тәжірибесі мол адам. Бірақ ол да көбіне популист адамдардың қатарына жатады. Жаhанданудан үрку, исламофобия сияқты түрлі көзқарас тударып жүрген батыстың кейбір популист тұлғаларын еске түсіреді. Оның «орыс әлемі» қазақ тілінің латынға көшуінен қауіптену сияқты мәлімдемелері осының айғағы. Президентікке үміткер ретінде Бабуринді Жириновскиймен қатар қоюуға болады.
Максим СУРАЙКИН
— Сурайкин – бұл Зюгановтың реинкарнациясы, бірақ басқа формадағы. Мұндай үміткер кездейсоқ пайда болған жоқ. Егер Ресейдің ішкі идеологиясына мән берсек, олардың келмеске кеткен Кеңес Одағына деген сағынышты, ностальгияны сезінесің. Мен мұны «ретроспективный патриотизм» терминімен атаймын.
Себебі Путин қоғамды осы негізде, Кеңестік дәуірдің жарқын беттері арқылы біріктіргісі келеді. Ең қызығы ол жерде патшалық кезеңнің элементтері де байқалады.
Қоғамдық сауалнама бойынша Кеңес Одағына деген ностальгия бойынша бірінші орында Сталин тұр. Осы арқылы Максим Сурайкиннің Кеңес Одағын қалпына келтіру туралы мәлімдемесінің табиғатын түсінуге болады.
Қорыта келгенде…
Бориса ТИТОВ пен Григорий ЯВЛИНСКИДІ қосқанда аты аталған жоғарыдағы адамдардың барлығы билік тарапынан әдейі қойлған адамдар болып табылады. Әрқайсысы өз электораты үшін жұмыс істейді және олардың біреуі соңғы сәтте кандидатурасын алып тастап, өз дауысын Путинге беруі мүмкін.
Дегенмен қандай жағдай болсада бұл адамдар өз бағыты бойынша жұмыс істейтін өзінше шағын-Путиндер.
Олардың ішінде Собчак қана жалғыз ақ қарға. Оның либералды идеялары, өркениетті дәуірге оралуға шақыруы көп нәрсені меңзейді.
Егер тағы да қиялдайтын болсақ Сочактың билікке келуі үлкен катастрофа бола қоймас еді. Бірақ бұл ішкі ресейлік элитаның қабылдамай қоюуына немес ішкі алауыздық тудыруы мүмкін еді.
Ұқсас тақырып: