Мария Овсянниковаға қатысты іс РФ ӘҚБтК-нің 20.2-бабы 2-бөлігі ("Ескертусіз қоғамдық іс-шараны ұйымдастыру немесе өткізу") бойынша қозғалған.
Адвокаттың айтуынша, құқық қорғау органдары қызметкерлері бір күн бұрын жарияланған басқа видеоға назар аударған, онда Овсянникова адамдарды митингтерге шығуға шақырған.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Овсянникованың өзі сот отырысында кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді.
"Кінәні мойындамаймын, бұл менің соғысқа қарсы сөзім болды", — деді ол.
Mash арнасының мәліметінше, тікелей эфир кезінде наразылық шарасын қалалық бөлімінің редакторы ұйымдастырған. Оқиғадан кейін оны полиция ұстаған.
Кейін "Первый канал" оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты.