Жарияланды: 440

Эйр Астана әуе компаниясының көлік қоры бес бірдей "Фоккер-50" ұшағымен толықты

Бүгін, 24-наурызда Астана әуежайына Эйр Астана әуе компаниясының көлік қорын толықтыратын турбовинтті "Фоккер-50" ұшағы келіп қонды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

Эйр Астана әуе компаниясының президенті Ллойд Пакстонның айтуынша, "бұл - компания сатып алуды көздеп отырған осындай үлгідегі бес ұшақтың бірі". Оның айтуынша, 50 орынды "Фоккер-50" ұшағы ішкі бағыттарда пайдаланылады. Астанаға бүгін келіп қонған ұшақ бұған дейін Скандинавия елдерінде қызмет еткен. "Ұшақ Қазақстан әуежайларындағы ұшу-қону алаңдарына қона алумен бірге, осындағы ауа-райы ахуалына да лайық, орнықты ұшақ болып келеді",- дейді Л.Пакстон. "Эйр Астана" әуе компаниясының ақпаратына сәйкес, мамыр айының соңына дейін осындай тағы да 4 ұшақ әкелінеді. Нәтижесінде, әуе компаниясының көлік қоры 11 ұшақтан тұрмақ. Қазіргі жағдаймен, компанияның көлік қорында үш бірдей "Бойнг-737", үш бірдей "Бойнг-757" ұшағы бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін