Жарияланды: 560

«Эйр Астана» ұшақтары Талдықорғанға қыркүйектің ортасынан бастап ұшады

«Эйр Астана» ұшақтары Талдықорғанға қыркүйектің ортасынан бастап ұшады

«Эйр Астана» әуе компаниясының ұшақтары Талдықорғанға қыркүйек айының ортасынан ұшатын болды.

Бұл ақпаратты Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев нақтылады.

Оның айтуынша, Талдықорған қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағы реконструкцияланып, ол 500 метрге ұзартылды, ені 16 метрге жетті. 

- Жолаушылар мінген алғашқы ұшақ Талдықорған әуежайына 4 қыркүйекте қонады деп жсопарлаған едік. Алайда ол 10 күнге шегерілді. Енді бұл ұшу 14 қыркүйекте жүзеге асырылмақ. Ұшақ билетінің құны шамамен 18 мың теңге болады, - деді Б.Өнербаев.

Сондай-ақ «Жетысуавиа» әуе компаниясымен «Талдықорған-Үшарал» рейсі қолға алынбақ. Осылайша, Алакөл маңында демалғысы келетін туристер үшін жергілікті билік көлік инфрақұрылымын жақсартпақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін