Экологиялық заңдарды бұзуға байланысты 2007 жылы 226 кәсіпорынның жұмысы уақытша тоқтатылды - ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экологиялық заңдарды бұзуға байланысты 2007 жылы 226 кәсіпорынның жұмысы уақытша тоқтатылды - ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі

Экологиялық заңдарды бұзуға байланысты 2007 жылы 226 кәсіпорынның жұмысы уақытша тоқтатылды - ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Экологиялық заңдарды бұзуға байланысты 2007 жылы сот органдарының шешімімен 226 кәсіпорынның жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде осы мекеменің басшысы Нұрлан Ысқақов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Қаңтар 2008
  • 587
Фото - Caravan.kz

«Биыл табиғат қорғауды мемлекет тарапынан қадағалау талаптары күшейтілді, сөйтіп біздің министрліктің бастамасына сәйкес, экологиялық заңдарды бұзғаны үшін сот органдарының шешімімен Қазақстанда 226 кәсіпорынның жұмысы уақытша тоқтатылды «, -деді Н. Ысқақов.

Министрдің мәліметтерінше, осындай заң бұзушылықтар үшін өткен жылы 40 млрд теңгеден астам айыппұлдар мен шағымдар өндіріп алынған, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш небәрі 10 млрд теңгені құраған.

«Табиғат қорғау заңнамасын бұзу көрсеткіштері осының есебінен 2006 жылдғымен салыстырғанда 20%-ға азайды», — деді министр.

Н. Ысқақовтың айтуынша, өткен жылы «мемлекет басшысының су қорғау аймақтарындағы экологиялық талаптардың сақталуын тексеру жөніндегі тапсырмасын орындауға баса назар аударылды». «Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша 320 нысан тексеріліп, 119 заң бұзушылық анықталып, 19 іс сот органдарына тапсырылды, 20 нысанның жұмысы тоқтатылды. Аталған деректер бойынша 20 млн астам теңгенің айыппұлдары мен шағымдары өндіріп алынды», -деді ол.

«Еліміздің барлық өңірлерінде осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда», -деді Н. Ысқақов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті