Жарияланды: 660

Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте елдің әлеуметтік-экономикалық даму сценарийлері талқыланды

Қазақстан үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов экономикалық саясат жөніндегі кеңесте (ЭСК) елдің әлеуметтік-экономикалық даму сценарийлерін талқылады.

«Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткіздім», -деп жазыпты К. Мәсімов сәрсенбі күні Twitter-ге. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, кеңесте әлемдік шикізат нарықтарындағы баға конъюктурасының ықтимал өзгерістерін ескеретін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі сценарийлерінің жобалары талқыланды. Сонымен бірге, бюджеттік тұрақтылықьы қамтамасыз ету, дағдарысқа қарсы тетіктерді пайдалану, мұнай-химия саласын, тұрғын үй құрылысын, ТКШ саласын дамыту мәселелері қаралды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін