Экс-әкім Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобы жалған кәсіпорындар арқылы Атырауда 15 млрд. теңгені жымқырған - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экс-әкім Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобы жалған кәсіпорындар арқылы Атырауда 15 млрд. теңгені жымқырған

Экс-әкім Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық тобы жалған кәсіпорындар арқылы Атырауда 15 млрд. теңгені жымқырған

Атырау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында өңірдің экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастығына қатысты қылмыстық істі тыңдау жалғасуда, «жалғанкәсіпкерлік» айыптаулары блогын қарау басталды.

  • 18 Шiлде 2014
  • 414
Фото - Caravan.kz

«Алдын ала тергеу барысында Атырау облысында әрекет еткен Б. Рысқалиев басқарған қылмыстық қоғамдастық бірқатар шаруашылық жүргізу субъектілерін құрды, оларға тағайындалған басшылар кәсіпорындар не үшін құрылғанын білген жоқ. Қоғамдастық қатысушылары бұл компанияларды шатастырылған көпсатылы схема арқылы бір есепшоттан екіншісіне аудару арқылы бюджеттік ақша қаражаттарын ұрлау үшін пайдаланылды. Содан кейін бұл қаражаттар қолма-қол ақшаға айналдырылып, қылмыстық қоғамдастық қатысушылары арасында бөлініп отырылды. Қылмыстық схемада пайдаланылған мұндай жалған кәсіпорындардың саны  13 болды», — деп хабарлады сотта мемлекеттік айыптаушы.

Тергеу нұсқасы бойынша, жалған кәсіпорындардың қызметінен мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 15 млрд. теңгеден асты.