«Экспоға» бөлінген қаржы тағы 53 миллиардқа қысқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Экспоға» бөлінген қаржы тағы 53  миллиардқа қысқарды

«Экспоға» бөлінген қаржы тағы 53 миллиардқа қысқарды

 Халықаралық көрменің құрылысына жұмсалатын ақшаны  қалай  үнемдегені туралы бүгін Ахметжан Есімов Елбасыға есеп берді.

  • 27 Қаңтар 2016
  • 345
Фото - Caravan.kz

«Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясының  есепке жүйрік басшысының үнемге көшкенін президент  қолдап отыр.  Себебі дағдарыс кезінде бюджеттің әр тиынын мұқият   жұмсау қажет. Ахметжан Есімов, Елбасыға халықаралық көрмеге қатысуға 70 мемлекеттің нақты  келісім бергенін қуана айтты. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімовке, «Эксподан» кейін алып құрылыстардың қаңырап бос қалмай халықтың игілігне қызмет етуін мықтап тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Сонда бюджеттің қаражатын анадағы тапсырма бойынша 78 миллиардқа қысқарттың. Қазір тағы 53-ке, сонда 131 миллиард  теңгеге қысқарып отыр.  Келетін халықтардың 80 проценті өзіміздікі болады ғой.Коммуникация, қай облыстан қайдан келеді? Қалай ұйымдастырылады?Сырттан келетіндер аз боп қалмасын. Бізге көрсетуіміз керек қой.