Жарияланды: 1200

Электронды "Сайлау" жүйесін пайдалану барысында дауыс беру қорытындысын қолдан жасап бұрмалау мүмкін емес - ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі

Электронды "Сайлау" жүйесін пайдалану барысында дауыс беру қорытындысын қолдан жасап бұрмалау мүмкін емес. Бүгін, 17-мамырда мәжілісте "үкіметтік сағат" аясында баяндама жасаған ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Біржан Қанешев осындай мәлімдеме жасады.

"Бұл жүйе жан-жақты қауіпсіздік блогымен қамтамасыз етілген. Сол себепті оның әлдебір құрамдас бөлігі өзгере қалған күнде басқа бөліктері де өзгеретіндіктен, ондай жағдай бірден көзге түседі",- деді ол. Б.Қанешевтің айтуынша, "ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ретінде агенттік "Сайлау" жүйесіне қатысты техникалық қорытынды жасаған. Соған байланысты жүйенің барлық модульдері жан-жақты сарапталды",- деді ол. "Жүйеге сырттан немесе іштей әсер ету мүмкін емес. "Сайлау" жүйесі нақты математикалық сандық модельге жататындықтан, сандық дерекқормен бірқатар параметрлері арқылы байланысады".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін