Электронды үкімет порталы заңды тұлғалар туралы ақпарат беруге кірісті
Қазақстан электронды egov.kz порталындағы қызметтің жаңа түрі заңды тұлғалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді, деп еліміздің Байланыс және ақпарат министрлігінен хабарлады. |
«Электронды үкімет порталынан тіркелген заңды тұлға, оның филиалы мен өкілдігі туралы анықтама алуға болады. Бұрын оны бірнеше күн күтуге тура келетін болса, еgov.kz порталы тиісті ақпарды жарты сағаттың ішінде береді», - делінген хабарламада.
Баспасөз мәлімдемесіне сүйенсек, анықтама алу үшін жүйеге: БИН, Салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе ұйымның атауын жүйеге енгізу қажет.
Қазіргі таңда электронды үкімет порталы 70-тен астам электронды қызмет түрлерін көрсетеді. Жыл басынан бері 3 млн астам анықтама берілген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін