Энергетика министрлігі: Екібастұз жылу орталығында 6 қазандық жұмыс істеп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Энергетика министрлігі: Екібастұз жылу орталығында 6 қазандық жұмыс істеп тұр

Энергетика министрлігі: Екібастұз жылу орталығында 6 қазандық жұмыс істеп тұр

Екібастұз жылу орталығында 6 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу беру температурасы - 70 градус, деп хабарлады энергетика министрлігі.

  • 19 Ақпан 2023
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"18 ақпанда сағат 04.37-де Екібастұз ЖЭО-да су жылыту бөлігінің жылу желісін беру коллекторы зақымданды. Салдарынан салқындатқыш температурасының параметрлерін төмендету арқылы су жылыту қазандықтары тоқтатылды. Шамамен сағат 20.00 кезінде жөндеу жұмыстары аяқталды, коллекторды толтырғаннан кейін сағат 23.00-де жылу желісінің параметрлерін көтеру үшін кезек-кезек су жылыту қазандықтары іске қосыла басталды", — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Екібастұз ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу беру температурасы — 70 градус.


Оқиға орнында төтенше жағдай министрлігі, атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті өкілдерінің қатысуымен облыс әкімдігінің жедел штабы жұмыс істеуде. Бұл мәселені үкімет бақылауға алды.

Соңғы жаңалықтар