Энергетика және минералды ресурстар министрлігі жанар-жағармай өндірушілермен ішкі нарықтағы бағаны төмендету туралы меморандумға қол қойды
Астана. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Энергетика және минералды ресурстар министрлігі жанар-жағармай өндірушілермен ішкі нарықтағы бағаны төмендету туралы меморандумға қол қойды. Соның нәтижесінде Қазақстанда таяу уақытта жанар-жағар майдың бағасын төмендету көзделіп отыр. Бұл туралы 1 қарашада өткен үкімет отырысында Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
Оның айтуынша, министрлік пен жер қойнауын пайдаланушылар арасында қол қойылған меморандум бойынша мұнай бағасының арзандауына байланысты ішкі нарықта жанар-жағар майдың бағасын айтарлықтай төмендету мәселесі қарастырылған. "А 80 маркалы 1 литр бензиннің республика бойынша ағымдағы орташа бағасы 84,5 теңге, біз оның бағасын 60 теңге болады деп келістік. АИ 92 және АИ 93 маркалы бензиннің 1 литрінің қазіргі бағасы 96,1 теңге, алдағы уақытта бұл 87 теңге болады. Ал, АИ 95 және АИ 96 маркалы бензиннің 1 литрінің бағасын ағымдағы 109 теңгеден 100 теңгеге төмендету көзделіп отыр", деді министр. Сондай-ақ қысқы дизельдік отынның 1 литрінің бағасы 118 теңгеден 94 теңгеге арзандайтын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін