Жарияланды: 410

Эстонияда қоғамдық көлік толықтай тегін болады

Эстонияда қоғамдық көлік толықтай тегін болады

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Эстонияда қоғамдық көліктің барлық түрінде жолақы алып тасталады.

Бұл туралы Tengrinews.kz World Economic Forum порталына сілтеме жасап хабарлайды.  

Бес жыл бұрын ел астанасы Таллин тұрғындары референдум кезінде биліктің эксперементалды тегін жол жүру бастамасын қолдаған. Алайда мұндай игілікке тек қала тұрғындары ие, бұл екі еуроға сатып алынған арнайы "гринкарта" арқылы жүзеге асады. Енді бұл тәжірибе елдің өзге аймақтарында да қолданылады екен. 

"Ақысыз көлікті қолдана бастағалы бері біз шығындалған сомадан екі есе артық пайда көрдік", - дейді Таллиндегі Еуроодақ кеңсесінің төрағасы Аллан Алакюла. Көліктің тегін болуы тұрмысы төмен тұрғындар мен қатар қалталы азаматтарға да пайдалы болып шықты. Қалада мейрамханалар, кафе мен дүкендерге келушілер саны артқан. Қаладағы көліктің тоқтаусыз ағысы азайған. 

Қазіргі таңда Эстонияның 15 округі 1 шілдеден бастап мемлекеттік бағдарлама бойынша қоғамдық көлікті тегін етуге дайын екендігін білдірді. Ал қалған аймақтар әлі шешім қабылдаған жоқ. 

Оқи отырыңыз:

Киімнің түсін жұлдызнамаға сәйкес таңдаңыз!

Головкин әлем чемпионы белдігінен айырылды 

Елбасы Қытайға ресми сапармен барды
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін