Жарияланды: 620

"Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" ААҚ Ресейге электр қуатын беру туралы келісімге қол қойды

"Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" ААҚ мен РАО "ЕЭС России" Ресейге электр қуатын беру туралы 5 жылдық келісімге қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" ААҚ-ның директоры Сергей Сысков хабарлады.

РАО "ЕЭС России" компаниясымен келісімге сәйкес ГРЭС-2 Ресейге жыл сайын 6 млрд. квт/сағ электр қуатын беріп тұрмақ. "Ал Бірлескен кәсіпорын мәселесіне келсек, бұл оқиға 2003-жылдың соңында болуы мүмкін. Алайда жобаның жүзеге асырылуына Қазақстан мен Ресейдің қай-қайсысында да тосқауылдар туындап отыр",- дейді С.Сысков. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Екібастұздағы ГРЭС-2 негізінде Қазақстан мен Ресейдің бірлескен кәсіпорнын құру туралы шешім 2000-жылы қабылданған. 2003-жылы екі жақтың жоғары деңгейдегі алдын-ала ұйғарымына сәйкес Бірлескен кәсіпорынды басқару органдары құрылды. Сондай-ақ, ортақ мәміле негізінде Ресей жағы биылғы жыл басынан бастап Екібастұз ГРЭС-2 станциясында өндірілген электр қуаты үшін өзінің ішкі рыногін айқара ашқан. Қаңтардан бері Ресейге 350 Мвт электр қуаты шығарылуда. Екібастұз ГРЭС-2 станциясы 1990-жылы пайдалануға берілген. 2 энергоблоктан тұратын станцияның өндірістік қуаты 850 МВт-ты құрап, онда 1440 адам жұмыс істейді. Бұл станция еліміз бойынша өндірілетін электр қуатының 10-12 процентін иемденеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть