Екібастұз көшелерінде «маньяк» жүргені туралы хабар тарап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұз көшелерінде «маньяк» жүргені туралы хабар тарап жатыр

Екібастұз көшелерінде «маньяк» жүргені туралы хабар тарап жатыр

Әйелдерге шабуыл жасайтын қауіпті қарақшының жүргені туралы хабарламалар тарап жатыр.

  • 22 Ақпан 2018
  • 285
Фото - Caravan.kz

«WhatsApp» мессенджері арқылы тараған Экібастұздағы «маньяк» туралы хабарламаны жергілікті полицейлер жоққа шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Павлодар облыстық ІІД-ге сілтеме жасап.

Қала тұрғындары бірнеше күн қатарынан бір-біріне Екібастұз қаласында әйелдерге шабуыл жасайтын қауіпті қарақшының жүргені туралы хабарламалар жіберген.

«WhatsApp» арқылы тараған әңгіме шындыққа жанаспайды. Аталған факті бізде тіркелген, жалған ақпарат таратқан адамді іздеп жатырмыз»,-деді жергілікті ІІД баспасөз орталығында.


Сонымен қатар, полицейлер Екібастұз қаласының тұрғындарын жалған хабарлама таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Соңғы жаңалықтар