Екібастұзда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды

Екібастұзда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды

Мектеп оқушылары (1-11 сыныптар) жол ақысының тек жартысын - 32 теңге төлейді.

  • 15 Ақпан 2018
  • 181
Фото - Caravan.kz

1 наурыздан бастап Екібастұз қалалық автобустарында жол жүру ақысы 65 теңге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сілтеме жасап.

Бұған дейін жол жүру ақысы 10 теңгеге арзан, яғни 55 теңге болған. Екібастұз ТКШ бөлімінің ресми хабарламасында «2018 жылдың 1 наурызынан бастап қалалық қоғамдық көліктегі жол ақысының тарифі — 65 теңге болады, сондай-ақ жеке санаттағы азаматтар үшін және зейнеткерлер, 3-топтағы мүгедектер, көп балалы аналар үшін — 32 теңгені құрайды» делінген.

Сондай-ақ, мектеп оқушылары (1-11 сыныптар) жол ақысының тек жартысын — 32 теңге төлейді.


Бүгінде Екібастұзда 10 маршрут бар — күн сайын 50-ден астам автобус рейске шығады. 

Соңғы жаңалықтар