Екібастұзда жас ерлі-зайыптылар, кеңсе тонаған
![]() |
Екібастұз қаласы ІІБ-ға букмекерлік кеңсе операторы жүгінді. Ол бетперде киген белгісіз үш адам ғимаратқа баса көктей кіріп, оның алтын әшекейлері мен 460 мың теңгесін алып кеткенін мәлімдеген. |
Бұл туралы Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Жедел іздестіру шараларының барысында оның айғағы расталды.
Тергеу оның 22 жастағы жұбайымен алдын ала сөз байласып, одан кіреберіс кілтін алып, кассадан ақша алған. Сендіру үшін әйелінің алтын бұйымдарын шешіп алған. Сырға, алқа мен ақша бөлігін полицейлер ерлі-зайыптылардың үйінен тапты.
Жас жігіт ақшалы болғысы келіп, ұрлық жайлы аңыз ойлап тапқанын мойнына алды.
Қазір күдікті әйелге қатысты ҚР ҚК 419-бабы (көрінеу жалған хабарлама жасау), күдікті ер адамға қатысты ҚР ҚК 419-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар Екібастұз қ. ІІБ УҰО қамалды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін