Жарияланды: 380

Ел аумағындағы жабылған және көлік қозғалысы шектелген жолдар бойынша ақпарат

Ел аумағындағы жабылған және көлік қозғалысы шектелген жолдар бойынша ақпарат

Ауа райының қолайсыздығына - көктайғаққа байланысты: 12.11.20112 сағат 16.40-тан Астана - Қарағанды, 17.15-тен Астана-Павлодар, 18.30-дан Астана - Атбасар, сағат 19.47-ден Астана - Көкшетау күре жолдары қозғалыстың барлық түрлері үшін жабылды,

деп хабарлады ҚР ТЖМ. 2012 жылғы 12 қарашада сағат 16:30-дан ауа райының қолайсыздығына орай (жолдың нашар көрінуі) Ақмола облысында Атбасар-Қостанай күре жолынан басқаларында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. 2012 жылғы 12 қарашада сағат 15:00-ден 13 қараша сағат 07.00-ге дейін ауа райының қолайсыздығына орай (қар, боран) Шығыс Қазақстан облысында «Ушаново-Зырян» (6-65 шақырым) учаскесі, республикалық бағыттағы Өскемен-Зырян - Рахман қайнарлары» қозғалыс үшін жабылды. 13.11.2012 ж. сағат 07.00-ден автожолдар барлық бағыттар бойынша ашық. Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына (көктайғақ) байланысты 12.11.2012 ж. сағат 16.40-тан Қарағанды-Осакаровка, Қарағанды - Жезқазған, Қарағанды - Жастар, Қарағанды-Ақсу-Аюлы, Қарағанды - Қарқаралы бағыты бойынша көліктің барлық түрлеріне қозғалыс жабылды. Палодар облысында ауа райының қолайсыздығына (жолдың нашар көрінуі) байланысты 12.11.2012 ж. сағат 16.30-дан Павлодар -Қарағанды, сағат 17.30-дан Павлодар-Астана (Шідерті ауылы) жолаушылар және жүк көліктері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына (боран, жолдың нашар көрінуі) байланысты 12.11.2012 ж. сағат 17.45-тен жолаушылар және жүк көліктері үшін барлық бағыттар бойынша жол жабылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін