Жарияланды: 730

Елбасы барша қазақстандықтарды Ата заңымыздың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады

Елбасы барша қазақстандықтарды Ата заңымыздың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады

Бүгін ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция барысында

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Ата заңымыздың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Біз барын бағалап, қадірлей біліп келе жатқан еліміз. Азаттығымыздың айшықты айғағы болған Ата заң тәуелсіздіктің бізге берген теңдессіз тартуы болып саналады .Сан буын ұрпақ алмасса да ескірмейтін, жыл өткен сайын жаңғыра беретін құндылықтардың жинағы. Мемлекетіміздің алтын қазығын қадірлеу әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы болып саналады», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы Конституцияның әрбір сөзін мүлтіксіз орындап, бұлжытпай сақтасақ, алар асуымыз әрдайым асқақ болатындығын баса атап өтті.

«Сол арқылы Мәңгілік Елдің тұғырын нығайтып, шаңырағын биіктете түсеміз. Ата  заңымыздың мерейлі белесі құтты болсын! Елдігіміздің тұмары болып асқақтай берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», - деді ҚР Президенті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін