Жарияланды: 550

Елбасы бір топ мәдениет қайраткерлеріне жаңа пәтерлердің кілтін табыс етті

Бүгін, 19-тамызда Елбасы өзінің Астанадағы сарайында Республиканың бір топ мәдениет қайраткерлерін қабылдап, оларға жаңа үлгідегі пәтерлердің кілттерін тапсырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Елордасынан.

Рәсімде президент Нұрсұлтан Назарбаев пәтер кілттері мәдениет қайраткерлерінің еліміздің рухани-мәдени өміріне қосқан өлшеусіз үлесінің өтемі ретінде табыс етілгенін жеткізді. Есілдің солтүстік жағалауынан бой көтерген әсем жаңа үйлердің кілтін Елбасының өз қолынан алғандардың арасында КСРО халық әртісі, сазгер Еркеғали Рахмадиев, Қазақстанның Халық жазушысы Сәкен Жүнісов, белгілі киноценарист Бақыт Қайырбеков, Еуразия мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, профессор Кемал Ақышевтың жесірі Марал Хабдулина, К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрының бас балетмейстрі Тұрсынбек Нұрғалиев, "Астаналық цирк" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Балтабек Жұмағұлов, сондай-ақ, Астана қаласындағы "Наз" мемлекеттік филормониясы ансамбілінің бас балетмейстері Қадиша Ағымбаевалар бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін