Жарияланды: 470

Елбасы биылғы күзде Корея Республикасына ресми сапармен барады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Корея Республикасына жасайтын ресми сапарын ұйымдастыруға қатысты мәселелер ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев пен Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Тэ Сок Вонның 22-тамыз, жұмада өткен кездесуінде сарапқа салынды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің хабарламасынан мәлім болды.

Алдағы сапар мен онда қол қойылатын екі жақты құжаттар Қазақстан мен Корея арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға тың серпін береді,- делінген хабарламада. 22- тамызда өткен кездесу барысында сондай-ақ, екі жақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселесі талқыланып, Қасымжомарт Тоқаев пен Тэ Сок Вон екі жақтың да мүддесіне қатысты халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Корея өкілі солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына және екі Корея арасындағы шиеленісті реттеу мәселесі бойынша Қазақстан ұстанып отырған конструктивті позицияны жоғары бағалады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть