Бұл хаттамада мигранттарды заңсыз енгізуге қарсы шаралар мен хаттамаға қатысушы мемлекеттер арасында қылмыстық топтар, адамдарды жасырын тасымалдау әдістері мен құралдары туралы өзара ақпарат алмасу жайы қарастырылған.
Сондай-ақ, Елбасы » БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын қару-жарақты, оның құрамды бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ, олардың оқ-дәрісін заңсыз жасауға қарсы хаттамасын Қазақстан Республикасының бекітуі туралы» заңға қол қойды.
«Бұл хаттама қару-жарақты заңсыз жасауға және оның айналымының алдын алу, трансұлттық сипаттағы, ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысуымен жасалған қылмыстарды тектеп тексеру үшін қолданылады».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті