Жарияланды: 420

Елбасы Ливан Республикасының үкімет басшысымен кездесті

Бүгін, 28-тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ливан Республикасының үкімет басшысы Рафик Аль-Хариримен кездесті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жүргізген келіссөздер барысында біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және Ливан экономикасына Қазақстаннан инвестиция тартуға қатысты мәселелерді талқыладық",- деп хабарлады Р.Аль-Харири президент Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздесуден кейін өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында. Ливан үкімет басшысының айтуынша, "Қазақстан мемлекет басшысымен келіссөздер барысында екі ел арасындағы қосарланған салыққа жол бермеуге, инвестицияны қорғауға және инвестицияларды өзара кепілдендіруге қатысты келісімдерге қол қою мәселесі талқыланған". "Таяу уақыттарда қол қойылатын бұл құжаттар екі ел кәсіпкерлеріне өзара тиімді әрі белсенді ықтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді",- деді Р.Аль-Харири. "Менің бұл жолға сапарымнан кейін екі ел арасындағы сапарлардың маңызы мен саны артады. Қазіргі таңда екі ел арасында сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға барлық жағдайлар жасалған",- дейді Ливан үкімет басшысы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть