Жарияланды: 470

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс депутаты Ғ.Қасымовты қабылдады

Бүгін, 17-наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс депутаты Ғани Қасымовты қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Парламенттің төменгі палатасының депутаты өзі басқаратын Қазақстан патриоттары партиясының республикадағы маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларға қатысты ұстанымы туралы Елбасын хабардар етті. Ғ.Қасымов сондай-ақ, Алматыдағы өзі сайланған депутаттық округ сайлаушыларымен жасап жатқан жұмыстары туралы әңгімелеп берді. Кездесу барысында парламентте кеше ғана қабылданған "Сайлау туралы" заңға қатысты кейбір мәселелер де сарапқа салынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін