Сондай-ақ, Президент Нұрсұлтан Назарбаев он бірінші сынып оқушыларына арналған сабақ барысында күрделі шешімдерді қабылдар алдында балалық шағын еске алатынын айтты.
«Мысалы, мен қиын шешімдер қабылдағанда, ұйықтар алдында балалық шағымды еске аламын. Бұл адамдардың бәріне тән нәрсе», — деді ол.
«Балалық шағыңды, қасыңда бірге болған адамдарды еске аласың. Ауылда туып-өскен болсаң, туған ауылыңды, тауды, өзендер мен жолдарды, қалалық болсаң аулаңды, достарыңды, әкең мен анаңды еске аласың», — деді Н.Назарбаев.
Президент «отанды сүюдің отбасынан басталатынын» атап өтті. Мемлекет басшысы оқушыларды ата-анасын, отбасы мен достарын сүюге шақырды.