Қарашығанақты аралау барысында Н.Назарбаев сондай-ақ, КИО жобасына қатысушы «Бритиш газ», «Лукойл» және «ШевронТексако» компанияларының басшыларымен жүздеспекші.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сол күні түстен кейін Елбасы Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданын аралайды. 2-тамызда Н.Назарбаев облыстың Зеленовский және Тасқала аудандарында болып, ондағы егін орағына дайындық жұмыстарының барысымен танысып , агроөнеркәсіп кешенің қызметкерлерімен кездеседі.