Елбасы: Шенеуніктер балабақшаның орнына сарайлар салып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы: Шенеуніктер балабақшаның орнына сарайлар салып тастады

Елбасы: Шенеуніктер балабақшаның орнына сарайлар салып тастады

Бүгінде балабақша ашу бизнес үшін тиімді. Бұл туралы бүгін 6-шы шақырылған ҚР Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

  • 4 Қыркүйек 2017
  • 278
Фото - Caravan.kz

«Қараңыздаршы, мемлекеттік-жекешелік серіктестік бойынша қаншама балабақша салынған. Айта қоярлықтай үлкен шаруа емес екен. Ал біздің шенеуніктер болса балабақшалардың орнына сарайлар салып тастады, олардың ішінде бассейндері бар. Бұған қоса ботаникалық бақ пен музыкалық салон да бар. Бізде спортқа арналып бассейндер салынған, музыкалық мектептер бар. Ата-аналар жұмыс уақытында балаларын аталған балабақшаларға беретіндей жағдай жасап, балалардың дамуына көмек беру керек. Осы жұмыспен айналысқан жөн»,  — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы кейбір салаларды жекеге беруден қорықпау керектігін айрықша атап өтті.

«Жекеменшік стомотологиялар жұмыс істеп тұр ғой. Мемлекеттік-жекешелік серіктестік бойынша салынып жатқан мектептер мен балабақшаларды көрдім. Бүгінде балабақша ашу бизнес үшін тиімді. Мемлекет субсидия бөледі, ата-аналар да төлем жасайды, пайда табуға болады. Бизнес үшін жаппай балабақша салудың да қажеті жоқ… Көппәтерлі үйлердің бірінші қабатында бірнеше пәтер біріктіріліп, 20-30 бүлдіршінге жайлы жағдай жасалады. Ендеше осы жолмен жүрейік», — деді ҚР Президенті.


 

Соңғы жаңалықтар