Елбасы тұрғындардың Жинақбанкінде жоғалтып алған қаржысын қайтару мерзімін 2005-жылға дейін созуды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы тұрғындардың Жинақбанкінде жоғалтып алған қаржысын қайтару мерзімін 2005-жылға дейін созуды ұсынды

Елбасы тұрғындардың Жинақбанкінде жоғалтып алған қаржысын қайтару мерзімін 2005-жылға дейін созуды ұсынды

"Тұрғындардың Жинақбанкіне тапсырған салымдарын өтеп беруді қолға алған ТМД аясындағы бірден-бір мемлекет-Қазақстан болып табылады. Қазіргі жағдаймен 4 млрд. теңгеден астам ақша өтелді. Егер оны толығымен жүзеге асырып үлгермей жатсақ, мерзімді алдағы жылға дейін созу дұрыс". Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 19-наурызда парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауы аясында атап көрсетті, деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Наурыз 2004
  • 357
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы осы орайда «2003-жылы Қазақстанда қызметкерлердің еңбек өтілі мен жалақысына сәйкес зейнетақы мөлшері өзгертілгенін, жыл басынан бері зейнетақы мен жалақының ең төменгі мөлшері ұлғайтылғанын» еске салды.

Н.Назарбаевтың айтуынша, «өткен 4 жылдағы экономикалық өсім ең төменгі зейнетақы мөлшерін шамамен екі есе, нақтырақ айтсақ, 3000 теңгеден 5800 теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Орташа зейнетақы мөлшері де 4000 теңгеден 8600 теңгеге дейін екі есе өсті. Ең төменгі жалақы мөлшері 2500-ден 6600 теңгеге дейін, жалпы алғанда 2,5 есе өсті. Орташа жалақы 1,6 есе өсіп, 14 мың теңгеден 24800 теңгеге жетті. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көлемі 45 процентке артты».
Елбасының пікірінше, «әлеуметтік-экономикалық даму табыстары бізге орталық Еуропа елдерінің негізгі экономикалық көрсеткіштеріне өкшелей жетуге жол ашты. Ал оңтүстік-шығыс Еуропа елдерін біз басып оздық». «Дүниежүзілік банктің өлшемі бойынша мемлекетіміз қазір орташа деңгейдегі кірісі бар елдердің санатына қосылды»,- деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар