Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Бүгін Елбасы Ақордада Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады. Кездесу барысында Данияр Ақышев Мемлекет басшысына қаржы-несиелік саясаттың басты бағыттары мен қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету жайын баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев экономиканы еселеп, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуді жалғастыруға мән беруді атап өтті. Елбасы сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдай отырып, тұрғын үй құрылысына тиісті көңіл бөлуді жүктеді. Ұлттық банк төрағасы «нақты экономикалық секторды қаржыландыру шаралары еліміздің дамуына серпін береді», - деді.

  • 10 Ақпан 2016
  • 411
Фото - Caravan.kz

Бүгін Елбасы Ақордада Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады. Кездесу барысында Данияр Ақышев Мемлекет басшысына қаржы-несиелік саясаттың басты бағыттары мен қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету жайын баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев экономиканы еселеп, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуді жалғастыруға мән беруді атап өтті. Елбасы сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдай отырып, тұрғын үй құрылысына тиісті көңіл бөлуді жүктеді. Ұлттық банк төрағасы «нақты экономикалық секторды қаржыландыру шаралары еліміздің дамуына серпін береді», — деді.