Елбасы Ұлыбритания үкімет басшысының арнаулы өкілімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Ұлыбритания үкімет басшысының арнаулы өкілімен кездесті

Елбасы Ұлыбритания үкімет басшысының арнаулы өкілімен кездесті

Бүгін, 1-қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания үкімет басшысының арнаулы өкілі Лорд Левимен жүздесті ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2003
  • 513
Фото - Caravan.kz

Елбасымен кездесуден кейін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында Лорд Левидің атап көрсеткеніндей, «Қазақстан мен Ұлыбритания арасында қазіргі таңда етене жақын қарым -қатынас орнады. Президент Назарбаевпен бүгінгі кездесу барысында біз осы қарым-қатынасты сауда-саттық, саясат және стратегиялық әріптестік тұрғысынан қалай өркендету керектігі туралы талқыладық»,- деп атап көрсетті.

Лорд Леви Қазақстан Елбасының лаңкестікпен күрес мәселесі бойынша ұстанған позициясы мен оның елдегі тұрақтылықты сақтау, жалпы Қазақстан экономикасын өркендету тұрғысындағы басқарушылық шеберлігіне ризашылық сезіммен таңданыс білдірді.
Лорд Левидің айтуынша, Қазақстан президенті Ауғанстан мен Иракты қалпына келтіру, Қазақстан, Қытай және Ресей арасындағы екі жақты байланыстар турасындағы өзіндік пікір-көзқарасын ортаға салған.
«Болашақта Қазақстан мен Ұлыбритания екі жақты байланыстарды одан әрі өрбітуді, стратегиялық әріптестік пен сауда-саттық саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды көздеп отыр «,- деді Лорд Леви.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 1-2-қыркүйек аралығында Қазақстанға жасайтын ресми сапары барысында Лорд Леви еліміздегі жалпы ахуалмен танысып, екі жақты байланыстарды тереңдете нығайтуға бағытталған бірқатар кездесулер өткізеді. Сапар қорытындысы бойынша Ұлыбритания үкімет басшысының арнаулы өкілі Т.Блэрге өзінің сапардан алған әсері туралы есеп беріп, Қазақстанға қатысты жаңа бастамалар туралы оның нұсқаулары талқыға салынады.

Соңғы жаңалықтар