Елбасы ұшақ апатына байланысты Малайзия Премьер-Министріне көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы ұшақ апатына байланысты Малайзия Премьер-Министріне көңіл айтты

Елбасы ұшақ апатына байланысты Малайзия Премьер-Министріне көңіл айтты

ҚР Президенті Malaysia Airlines авиакомпаниясы MH17 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разакқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Ақорданың ресми сайты.

  • 18 Шiлде 2014
  • 648
Фото - Caravan.kz

Жеделхатта Malaysia Airlines компаниясының «Амстердам — Куала-Лумпур» бағыты бойынша ұшқан ұшағының Украина аумағында апатқа ұшырауы салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Наджиб Тун Разакқа, сондай-ақ қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына  шын жүректен көңіл айтты.