Жарияланды: 480

Елбасы жұмыс бабындағы сапармен Алматы облысын аралайды

25-26-тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аймақтағы экономикалық ахуалмен танысу үшін Алматы облысын аралайды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Талдықорғаннан.

25-тамыз, дүйсенбіде мемлекет басшысы Талдықорғандағы облыстық ІІББ-ның жаңа ғимараты мен қалалық аквасаябақты аралап, көп балалы Тұрсынай Омарбекованың отбасында болады. Сондай-ақ, бұл күні Н.Назарбаев аймақтағы маңдай алды кәсіпорындардың біріне саналатын "Хельниченко и К" ауылшаруашылығы кәсіпорнының жұмысымен танысады. Ал 26-тамыз, сейсенбідегі күн тәртібіне сәйкес, Н.Назарбаев "Саф әйнек компаниясы" ААҚ-ның жұмыс барысымен танысып, "Эфес-Қарағанды сыра зауыты" ЖАҚ-ның жаңа сыра қайнату зауытының ашылуына қатысады. Сондай-ақ, Елбасы Қарасай ауданындағы "Дихан" өндірістік коопертиві мен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы "Қазэксим" ЖШС-не қарасты егістік алқаптарын аралап көреді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін