Жарияланды: 510

Елбасының азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасы орындалған жоқ - ҚР үкімет басшысы

Елбасының азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасы орындалған жоқ,- деп мәлімдеді бүгін 19-тамызда Астанада өткен үкімет отырысында үкімет басшысы Даниал Ахметов.

Д.Ахметовтың пайымдауынша, мұндай жағдайға бірінші кезекте облыс әкімдері кінәлі. Азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауы - аймақтық факторға байланысты деді ол. "Қазіргі таңда облыстарда орын алған жағдай әкімдердің салғырттығын тағы бір дәлелдейді",- деді үкімет басшысы. Оның айтуынша азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына әсер ететін бір ғана түрткі бар, ол сұраныс пен ұсыныс. Сұраныс бар, ал ұсыныс неге жоқ ?,- деп үкімет басшысы сауалды төтесінен қойды. Д.Ахметовтың пікірінше бірінші кезекте бұл мәселемен оңтүстік аймақтардың басшылары айналысуы тиіс. Жеміс-жидек және көкөніс өнімдеріне сұранысты арттыру үшін жағдай жасау керек деді ол. "Егер ұсыныс тиісті деңгейге жетпесе, қандай іс тындырғанмен де жемістің бағасын арзандату мүмкін емес",- дегенді үкімет басшысы тағы бір ескертіп өтті. Сондай-ақ, үкімет басшысы сауда-саттық инфрақұрылымын қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть