Жарияланды: 440

Елбасының жарлығымен еліміздің дипломатиялық корпусында бірқатар тағайындаулар жасалды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен еліміздің дипломатиялық корпусында бірқатар тағайындаулар жасалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Елбасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан Республикасының Польшадағы төтенше және өкілетті елшісі Константин Жигалов қазіргі лауазымынан босатылып, ҚР-ның Бельгиядағы төтенше және өкілетті елшісіне тағайындалды. Ал бұған дейін Қазақстан Республикасының Бельгиядағы, Люксембургтегі, Нидерланды Корольдығындағы елшісі әрі Қазақстанның Еуропалық Одақ пен НАТО-дағы өкілдіктерінің басшысы қызметінен босатылып, Қазақстанның Польшадағы елшісі болып тағайындалды. Ал Өмірзақ Өзбеков ҚР-ның Өзбекстандағы елшісі қызметінен босатылып, Қырғызстандағы ҚР елшісі болып бекітілді. Мұхтар Шаханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қырғызстандағы ҚР елшісі қызметінен босатылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін