Елбасының жарлығымен "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг бв." консорциумының қызметкерлері мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды
Бүгін, 1-тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен отан алдындағы борышын адал атқарып, Қарашығынақ жобасын жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі үшін "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг бв." консорциумының қызметкерлері мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. |
Атап айтсақ, Эни компаниясы атқарушы директорының орынбасары Пьезо Ковано, "Интергазстрой" ААҚ басқармаларының төрағасы Нұрлан Қуанышалиев, "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның басқарушы директоры Жақып Марабаев, КИҰ бас директоры Джон Морроу мырзалар "Құрмет" орденімен марапатталды.
Ал "Ерен еңбегі үшін" орденімен марапатталғандардың арасында "Қазбұргаз" ААҚ-ның аға дизелшісі Ерболат Жарықов, "ССС Сайпем" компаниясының учаске мастері Николай Битков, "ССС Сайпем" компаниясының бас директоры Димитрий Экономидис мырзалар бар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін